2024 жылғы 20 қарашада "Барлығына қолжетімді сапалы білім" жол картасын іске асыру аясында біздің мектепте Lesson Study педагогикалық тәсілін пайдалана отырып, зерттеу сабақтары ұйымдастырылды. Мектеп мұғалімдері фокус-топтарда сабақ өткізіп, оқыту әдістемелерін талдап, жетілдірді.
Іс-шараға "Базалық әлеует мектептерінің" педагогтары шақырылды, "Константинов ЖОББМ" КММ және "Равнополь НЖББМ"КММ мұғалімдері сабақтарға қатысты.Сабақтар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, білім беру үдерісіне инновациялық педагогикалық тәсілдерді енгізу перспективаларын талқылады.
Өткізілген іс-шаралар оқыту сапасын арттыруға, мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға ықпал етті.